Өңірлер

ШҚО-да вагонның шығып кетуінен үш пойыз кешіктірілді

© Photo : YK-news.kz / очевидцыДегелең-Семей теміржол телімінде жүк вагоны жолдан шығып кетті
Дегелең-Семей теміржол телімінде жүк вагоны жолдан шығып кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дегелең-Семей теліміндегі пойыздар қозғалысы дүйсенбі күні кешке қалпына келтіріледі

АСТАНА, 26 жел — Sputnik. Дегелең-Семей теміржол телімінде жүк вагоны жолдан шығып кетті деп хабарлайды "ҚТЖ-Жүк тасымалдары" АҚ баспасөз қызметі.

Қатты аяз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Астана-Петропавл автобусының жолаушылары эвакуацияланды

2016 жылғы 24-желтоқсанда 12 сағат 20 минутта Семей теміржол бөлімшесінің Дегелең-Семей телімінде №3498 жүк пойызының "Petroleum" ЖШС иелігіндегі бір вагоны жолдан шығып кетті.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына қалпына келтіру пойызы жеткізілді. "ҚТЖ" ҰК" АҚ арнайы комиссиясы құр құрамына "Petroleum" ЖШС өкілдері енгізілді. 

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, вагонның жолдан шығып кетуіне вагонның бүйір жақтаушасының сынып кетуі себеп болған. Вагон иесінен шығынды қалпына келтіру талап етіледі. Қазіргі кезде аталмыш жол телімінде пойыз қозғалысы тоқтатылды. 

Лениногор – Астана, Алматы-1-Павлодар, Павлодар-Алматы-1 пойыздары кестеден кешігеді. Пойыз қозғалысын 21 сағат 30 минутта қалпына келтіру жоспарланып отыр. 

Жаңалықтар
0