Өңірлер

Павлодардың денсаулық сақтау басқармасы басшысы өз-өзін жарақаттап алды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуҚару
Қару - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ведомство болған оқиғаның мән-жайын айтып, түсініктеме беруден бас тартты

АСТАНА, 26 жел — Sputnik. Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов аңшылықта жүріп, байқаусызда өз-өзін жарақаттап алды деп хабарлады дереккөз Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Тапанша - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қанды түн: Шымкентте түнгі клубта жас жігітті атып кетті

Pavlodarnews.kz мәліметінше, 25 желтоқсан күні сағат 16:00 кезінде Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов сол жақ иығын оқ ататын қарумен жарақаттап алған. Қасымов бір сағат ішінде ауруханаға жеткізіліп, оған операция жасалды. Орынбасары Нұрлан Оразалиннің сөзіне жүгінсек, басшының хәлі бір қалыпты.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі болған оқиға туралы ресми ақпарат беруден бас тартты. Облыстық ІІД мәліметінше, оқыс оқиға бойынша тексеру жүргізілуде.

Жаңалықтар
0