Экономика

Ұлттық банк өтімділікті қамтамасыз ету үшін Қазкомды 400 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландырды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚР Ұлттық банкі
ҚР Ұлттық банкі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазкоммерцбанк реттеуші талаптарды орындайды және клиенттердің міндеттемелерін толық көлемде орындайды

АСТАНА, 26 жел — Sputnik. Ұлттық Банк "Қазкоммерцбанк"  АҚ-на 400 млрд теңгеден астам сомаға қысқамерзімді қаржыландыру берді деп хабарлады Ұлттық банк баспасөз қызметі.

ҚР Ұлттық банкі - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық банк БЖЗҚ-ны құқық қорғаушы органдар тексереді деп хабарлады

"Ұлттық Банк Басқармасы осыған дейін "Қазкоммерцбанк" АҚ-қа банктің жүйелік маңыздылығын ескере отырып 400,8 млрд. теңге сомаға қысқамерзімді қаржыландыру беру туралы шешім қабылдаған болатын. Қарыз банк клиенттерінің алдындағы міндеттемелерді орындау үшін өтімділіктің қосымша қорын қамтамасыз ету мақсатында берілді", — делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, хабарламада Қазкоммерцбанктің реттеуші талаптарды орындап, клиенттердің міндеттемелерін толық көлемде орындайтыны атап өтілген.

"Бүгінгі күні банк өтімді активтердің жеткілікті көлеміне ие, бұл оған қарызды ішінара мерзімінен бұрын өтеуге мүмкіндік берді. "Қазкоммерцбанк" АҚ Ұлттық Банкке бұрын бөлінген қаражаттың жартысын қайтарды", — деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта банктерді капиталдандыруды ұлғайту банк секторының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты Ұлттық Банк ағымдағы қадағалау процесі шеңберінде акционерлермен, оның ішінде "Қазкоммерцбанк" АҚ-тың акционерлерімен капиталдандыру деңгейін арттыру жөнінде келіссөздер жүргізуде.

Жаңалықтар
0