Өңірлер

Қазақстанда дүйсенбі күні қар жауып, жел тұрады деп күтіледі

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде бұроқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта және солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз.

АСТАНА, 26 жел — Sputnik. Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталып, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты қар күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.

Ақмола,  Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл,  Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда,  Қарағанды облыстарының кей жерлерінде  тұман болады, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде  түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде  бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Жаңалықтар
0