Өңірлер

Қазақстанда жексенбі күні аяз және боран болады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуҚыс
Қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел сақталады

АСТАНА, 25 жел — Sputnik. Қазақстанның бүкіл аумағында жексенбі 25 желтоқсан күні құбылмалы ауа райы сақталады, қар, кей жерлерде боран, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта және солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

Қырау - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Рождество мерекесінде Қазақстанда қырық градустық аяз болады деп күтіледі

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында қатты аяз болуы ықтимал.

Ақмола және Қостанай облыстарында кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, желдің күшеюі 15-20 м/с. 

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, желдің күшеюі 15-20 м/с. Жамбыл, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз Жамбыл облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі, Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде боран соғуы мүмкін, желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с.

© Photo : Қазгидромет25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы - Sputnik Қазақстан
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Жаңалықтар
0