АСТАНА, 24 жел – Sputnik. Көкшетау тұрғындарының шұжықта қауырсынның бар болуы туралы мәлімде расталды, деп хабарлайды Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті.
Көкшетау қаласы тұрғындарының өтініштері бойынша жүргізілген зертханалық сараптаманың нәтижелері Көкшетау қаласындағы "Скиф Трейд" ЖШС — нің "SMALL" оптомаркетінде сатылып жатқан Астана қаласындағы "Prod Company «Pyarn" ЖШС – нің шұжық өнімдерінде қауырсынның бар екендігін растады.
Өндіруші "Prod Company «Pyarn" ЖШС — не қатысты жоспардан тыс тексерулер жасау үшін материалдар Астана қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне жіберілді.