АСТАНА, 23 жел – Sputnik. Қарағанды облысының прокуроры Асқар Секішев өз ықтиярымен қызметінен босатылды деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"Бас прокурордың 2016 жылғы 7 желтоқсандағы бұйрығымен Қарағанды облысының прокуроры Секішев Асқар Асанханұлы өз ықтиярымен қызметтен босатылды", — деп хабарлады баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Бас прокуратурада айтылғандай, заңмен бекітілген мерзімде Секігевке заңнама талаптарына сай қызмет ұсынылатын болады.