Қоғам

Астана әкімшілігі зейнеткерлерге тегін сыйлық туралы ақпаратты жоққа шығарды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоЗейнеткерлер
Зейнеткерлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Акция туралы ақпарат WhatsАpp мессенджері арқылы таралып, әлеуметтік желілерде жарияланған болатын.

 АСТАНА, 23 жел  – Sputnik. Астана қаласының әкімдігі аталған ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады, өйткені елорда әкімдігінің аппараты зейнеткерлерге сыйлықтарды тегін тарату бойынша шаралар өткізуді қарастырып отырған жоқ делінген Астана әкімшілігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

Елордалық билік өкілдері жалған ақпаратты қасақана таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарын ресми дереккөздер таратқан шынайы ақпаратқа ғана сүйенуге шақырамыз", — делінген хабарламада.

Әкімшілік еске сала кеткендей, 1-31 желтоқсан аралығында елордада "Астана — мейірімді қала" жалпықалалық қайырымдылық акциясы өткізіліп жатыр. Оның мақсаты — ҰОС ардагерлері, барлық топтарға жататын мүмкіндігі шектеулі адамдар, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар, онкологиялық ауруларға, саул ауруына, туберкулезге шалдыққан балалар сияқты азаматтардың жеңілдікті топтарына қамқорлық көрсетіп, көңіл бөлу.

Қала әкімінің бастамасымен 8 (7172) 55- 66- 55 көпарналы жедел желі іске қосылды, ол бойынша хабарласып атаулы көмек көрсетуге болады. Саll-орталықтың қоңырауларды қабылдау уақыты: сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күні 11:00-ден 16:00-ге дейін.

Жаңалықтар
0