АСТАНА, 23 жел – Sputnik. Қазақстандық қор биржасында (KASE) жұма күні таңертеңгі сауда бойынша орташа доллар бағамы бір АҚШ доллар үшін 328,18 теңгені құрады, бейсенбі күні бұл көрсеткіш 331,71 теңге болған еді деп хабарлайды биржа.
Жұма күні АҚШ доллары бойынша сауда көлемі 190,6 миллион долларды құрады, бейсенбі күні 71,450 миллион доллар болған.
АҚШ-тағы статистиканың әлсіздігіне байланысты доллардың арзандауының арқасында бейсенбі күні кешке мұнайдың әлемдік бағасы өсті.