АСТАНА, 23 жел – Sputnik. Қазақстанда Шетелдік елшілер жұбайлары клубы Ambassadors Spouse Astana (ASA) жыл сайын өткізетін дипломатиялық рождестволық қайырымдылық базары 36 миллион 700 мың теңге жинады.
Жәрмеңке ұйымдастырушыларының сөзіне жүгінсек, қайырымдылық акциясының қорытындысы бойынша, 52 жобаға қолдау көрсетуге шешім қабылданды. Қазақстан аумағындағы әр түрлі балалар үйлеріне, мектеп-интернаттарға, SOS ауылдарға, психологиялық коррекция кабинеттеріне, жетімдер үйіне, медициналық-әлеуметтік мекемелерге, реабилитациялық орталықтарға, Астананың балалар онкологиясы бөліміне, жалғызбасты аналар мен таршылық көріп отырған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жеке тұлғаларға, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қорларға жәрдем берілетін болады.
ASA клубының құрамына биыл Әзербайжан, Беларусь, Венгрия, Иордания, Қазақстан, Канада, Португалия және АҚШ елшіліктерінің өкілдері енді.