Ақордадағы келіссөздер барысында Хасан Роухани Нұрсұлтан Назарбаевтың Иранның бейбіт ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздерге және осы елден халықаралық санкцияларды алып тастауға қостан үлесін атап өтті.
"Сіз — Иранның досысыз. Халықаралық арена мен халықаралық ұйымдарда және өңірлік форматта иран халқын үнемі қолдап отырасыз", — деді Иран басшысы. Сондай-ақ Астана мен Тегеран өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ынтымақтастық туралы келісті.