Оқиға

Кезекті өзін-өзі өртеу: Шымкентте ер адам өзіне қол салмақ болды

© Photo : Pixabay / Radosław Kulupaот
от - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам оның кінәсі "алаяқтық" бабы бойынша дәлелденгеннен кейін өзіне қол салмақ болды

АСТАНА, 22 жел — Sputnik. Бейсенбі, 22 желтоқсан күні Шымкентте ер адам өмірімен қош айтыспақ болып, өзіне от қойған, деп хабарлады ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Сағат 14.30-да Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің жедел әрекет ету орталығына Шымкент қаласы Тәуке хан көшесінде ер адамның өзін-өзі өртеу арқылы суицид жасамқ болғаны хабарланды. Оқиға орнына Шымкент қаласының Еңбекші полиция бөлімінің жедел тергеу тобы аттанған.

Полицейлер ер адамның кім екенін анықтаған. Ол жергілікті тұрғын, 1970 жылғы азамат екені анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамның денесінің 40 пайызын күйік шалған, қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр. Осы дерек бойынша Еңбекші полиция бөлімі бірыңғай реестрге ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша тіркеген. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында өзіне қол салмақ болған адам айыпталушы екені анықталды. Биыл 15 мамырда ОҚО ІІД тергеушілері оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. ОҚО ІІД Тергеу басқармасы кешенді тергеу шараларын жүргізді, оның қорытындысында айыпталушының кінәсі толықтай дәлелденіп, қараша айында іс сотқа жолданған. 


Жаңалықтар
0