Видео

Мексикадағы пиротехника базарында болған жарылыс

Жазылу
Мексикадағы Тультепек қаласының пиротехника базарында жарылыс болып, кем дегенде 29 адам қаза болды және 72 адам жарақат алды.

Жарылыс кезінде базарда екі мыңға жуық адам болған, өйткені келушілердің көпшілігі католиктік Рождество мейрамын тойлау үшін пиротехника сатып алады.

Мексика президенті Энрике Пенья Ньето пиротехника жарылысы кезінде қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

"Бұл қайғылы оқиғада қаза тапқандардың жанұясына көңіл айтамын, жарақат алған жандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін", — деп жазды Пенья Ньето Twitter желісіндегі микроблогында.

Жаңалықтар
0