Сол атаулы күннен бері 25 жыл өтті. Қазіргі заманғы сарапшылар мен саясаткерлер ширек ғасырлық тарихқа зер салып, әр түрлі баға береді.
Бәрінің қалай басталғанын сирек кездесетін суреттерге толы фотолентамыздан тамашалаңыздар.

Алма-Ата декларациясына қол қою бұрынғы кеңестік мемлекеттердің егемен елдерге айналуындағы соңғы кезең болды.

Қырғызстан президенті Асқар Ақайұлы Ақаев, Молдова президенті Мирча Снегур және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ТМД құру туралы келіссөздер барысында, 21 желтоқсан 1991 жыл, Алматы қаласы.

Еске сала кететін бір жайт, Алма-Ата декларациясына қол қоймай тұрып, 1991 жылы 8 желтоқсанда Вискулиде Белоруссия, Ресей және Украина Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге қол қойған еді.
Суретте: Армения және Өзбекстан президенттері Левон Тер-Петросян мен Ислам Каримов(солдан оңға қарай)
Суретте: Армения және Өзбекстан президенттері Левон Тер-Петросян мен Ислам Каримов(солдан оңға қарай)

1991 жылы 21 желтоқсанда Алма-Ата қаласында он бір егемен елдің басшылары осы келісімнің хаттамасына қол қойды, онда Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Украина елдерінің теңқұқықты бастамамен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құратындығы атап өтілді.

1993 жылы желтоқсан айында ТМД құрамына Грузия енді.

Бұрынғы КСРО республикалары арасынан ТМД құрамына Латвия, Литва және Эстония кірмеді.

Суретте: Ресей президенті Борис Николаевич Ельцин, екінші қатарда Ресей Федерациясының мемлекеттік хатшысы Геннадий Эдуардович Бурбулис.

Тәуелсіз мемлекеттер басшыларының Тәуелсіз Мемлекеттер достастығын құру туралы декларацияға қол қойғаннан кейінгі баспасөз мәслихаты.

Атап өтер болсақ, Алма-Ата декларациясында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізні мақсаттары мен қағидалары баяндалды, сондай-ақ КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы туралы жазылды.

Алма-Ата декларациясына сәйкес, Достастық "мемлекет те, мемлекеттік құрылым да емес".

Мүше–мемлекеттер арасындағы достастық, тату көршілік, ұлтаралық келісім, сенім, өзара түсіністік және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту, қарым –қатынастарды нығайту – Достастықтың мақсаты болып табылады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің саяси, экономикалық, экологиялық және басқа да салаларда әріптес болуы, өзара көмек көрсетуі және де заңнамаларында көптеген ұқсастықтардың көрініс табуы қазіргі таңда ТМД-ны ғылыми тұрғыдан зерттеуге деген қызығушылықтарды туындатуда.
