АСТАНА, 21 жел – Sputnik. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлауға қатыспақшы деп хабарлайды РИА Новости.
"БҰҰ бас хатшысы қызметіндегі 10 жыл ішінде көріп-біліп, түйгенімнің бәрі Корея Республикасын өркендетуге пайдасы тиер болса, өзімді соған арнауға дайынмын", — дейді Пан Ги Мун.
Президенттік сайлауға қатысамын деп нақты айтпаса да, оның есімі Оңтүстік Корея мемлекеті басшылығына басты үміткерлердің қатарында аталып жүр. Кезінде ол елдің сыртқы істер министрі болып қызмет еткен.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның қызметі биыл жыл соңында аяқталады. Өзінің сөзіне сүйенсек, Нью-Йорктен Оңтүстік Кореяға 2017 жылы қаңтар айының ортасында оралмақшы. Пан Ги Мунның Оңтүстік Корея президенті болып сайлануы мүмкін деген пікір елдегі аты шулы жемқорлық оқиғасы аясында пайда болды. Бұл жайттың салдарынан қазіргі президент Пак Кын Хеге импичмент жарияланған.