Әлем

Мексикада 29 адам пиротехника жарылысының құрбаны болды

CC0 / / Аурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрын 26 адам қаза тапты деп хабарланған.

АСТАНА, 21 жел – Sputnik. Мексикадағы Тультепек қаласының базарында жарылыс болып, кем  дегенде 29 адам қаза болды, деп хабарлайды РИА Новости Мехико штатының губернаторы Эрувиэль Авилаға сілтеме жасай отырып. 

Бұдан бұрын штат губернаторы Алехандро Гомес 26 адамның өлу дерегін ресми түрде растаған. 

Авиланың сөзіне қарағанда, 26 адам оқиға орнында қаза тапқан, тағы үшеуі кейіннен ауруханада көз жұмған. Жарақат алғандардың жалпы саны 72 адам. Губернатор қаза болғандарды жерлеу жергілікті билік есебінен жүргізілетінін атап өтті. 

Тультепек Мехико штатындағы пиротехника шығаратын басты орталық болып саналады. 

Жаңалықтар
0