АСТАНА, 20 жел — Sputnik. Мемлекет басшысының Өкімімен Александр Юрьевич Тараков Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Александр Тараков бұл қызметте президенттің өзге өкімімен "Қоғамдық келісім" РММ директоры қызметінен босатылған Наталья Калашникованың орнын басты.
Бұған дейін Тараков "Казахстанская правда" РГ" АҚ басқармасы төрағасы, одан кейін төраға орынбасары қызметін атқарған. Бірқатар кітаптардың авторы болып табылады.