АСТАНА, 20 жел — Sputnik. Петропавлда жабық хоккей кортының шатыры отырылып түсті, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнынан.
Жабық мұз айдыны 19-шы шағын ауданда, Болатбаев көшесі, 30 мекен жайында орналасқан.
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қирау туралы дабыл сағат 13:30-да түскен.
"Бақытқа орай, бұл уақытта кортта ешкім болмаған, зардап шеккендер жоқ", — деп хабарлады агенттікке баспасөз жетекшісі Евгений Журавлев.
Оның мәліметінше, құлаған брезент шатыры метал жабынының үстінде жүргізілген.
"Қазіргі уақыттар конструкция бөлшектеніп жатыр. Қирау себептері анықталуда", — деді Журавлев.
Қалалық спорт бөлімі басшысы Валерий Евдокименко Sputnik Қазақстанға хабарлағандай, жабық хоккей корты 2014 жылы салынған.
Ол балалардың жаппай сырғанауына арналған. Бұл жерде тегін жалға беру ұйымдастырылған. Ғимаратты "Спецстальконструкция" фирмасы салған. Мұндай құрылыстың саны Қазақстан аумағында 15-ке жуық. Өкінішке орай, қирады", — деп атап өтті Евдокименко. Оның атап өтуінше, әзірге қирау себептерін айта алмайды.