Оқиға

ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің бағынышты орталығында тінту жүргізілді

Жазылу
Ауыл шаруашылығының Республикалық өсімдіктер карантині орталығында ірі көлемде қаражат қымқыру дерегіне байланысты тінту жүргізілуде.

АСТАНА, 20 жел — Sputnik. Қазақстан ауыл шаруашылығы министрілігінің бағынышты мекемесі "Республикалық өсімдіктер карантині орталығының" қызметкерлері ірі көлемде бюджеттік қаражатты қымқырды деген күдікке ілінді деп хабарлайды Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті.

Сиырлар - Sputnik Қазақстан
Төрт-түлік мәселесі: АШМ әкімшіліктерді қалай "түйнемеледі"

Орталық қызметкерлері 2014 жылдан бастап 15 адамды қағаз жүзінде жұмысқа қабылдап, олардың жалақысын алып отырған. Бұл іс-әрекеттерге байланысты бастапқы болжам бойынша келтірілген шығын көлемі 10 миллион теңгеден асады. 

Бұдан бөлек, қызметтік іссапарларға қатысты жалған құжаттар табылды.

Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

Жаңалықтар
0