АСТАНА, 20 жел — Sputnik. 21 желтоқсан күні 16:00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Астана-Мәскеу-Баку-Бішкек-Ереван-Кишинев-Минск бейнекөпірі өтеді, тақырыбы: "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына 25 жыл: шығындар мен жетістіктер жолы".
ТМД мүшелерінің 25 жылдық мерейтойда қандай нәтижелерге жеткендігі, экономикалық, саяси, әлеуметтік және гуманитарлық салалардағы жетістіктер, ширек ғасыр ішінде жүзеге асырылған жобалар, қағаз жүзінде қалып қойған бастамалар және осы уақыт аралығында посткеңестік кеңістіктегі елдердің жеткен жетістіктері мен шығындары туралы іс-шара қатысушылары сөз қозғайды.
Пікірталасқа қатысуға шақырылғандар Астанада:
— ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Владислав КОСАРЕВ.
— Федерация Кеңесі төрағасының орынбасары Ілияс УМАХАНОВ;
— ТМД Атқарушы комитетінің экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры Андрей КУШНИРЕНКО.
— ТМД Экономикалық даму іскерлік орталығының бас директоры Владимир САВЧЕНКО.
Бакуде:
— Әзербайжан Республикасы президенті баспасөз қызметінің бұрынғы басшысы, саясаткер Расим АГАЕВ.
Бішкекте:
— ҚР Жоғары Кеңес төрағасы Медеткан ШЕРИМКУЛОВ.
Кишиневте:
— МР парламентінің депутаты, Молдова Республикасының РФ-дағы бұрынғы елшісі Андрей НЕГУЦА.
Минскіде:
— БР Ұлттық жиын өкілдері Палатасының халықаралық істер жөніндегі комиссиясының төрағасы Валерий ВОРОНЕЦКИЙ.
Ереванда:
— Парламенттегілер мен БАҚ өкілдері.
БАҚ өкілдерін бейнекөпірге қатысуға шақырамыз. Мекенжайымыз: Қонаев көшесі, 12/1, ВП-12, (Сулы-Жасыл бульвар, "Байтерек" монументі жағынан кіресіздер). Мультимедиялық баспасөз орталығының анонстары электронды поштаңызға келіп тұруы үшін z.kulumbetova@sputniknews.com адресіне өтініш жіберіңіздер.