Оқиға

Алматы әуежайында 20-дан астам рейс кешіктірілуде

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматы әуежайы
Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Рейстер ауа райы ахуалынан кешіктірілуде.

АСТАНА, 20 жел — Sputnik. Алматы әуежайында бірнеше рейстер кешіктірілді деп хабарлайды әуе айлағының ресми сайты.

Астана, Шымкент, Қарағанды, Мәскеу, Куала-Лумпур, Бангкок, Киев, Тегеран және т.б. қалалардан келуге тиісті рейстер кешіктірілуде. Алматы-Үрімжі бағытындағы рейс кейінге қалдырылды. Алматы халықаралық әуежайы Facebook парақшасында әуежай аумағындағы метеожағдай туралы бейне жариялады.

Қазіргі уақытта Алматы әуежайында тік көрінім 40 м, көлденең – 400 м құрайды. Ұшақтарды қабылдау және шығаруға шектеу жоқ.

Жаңалықтар
0