Оқиға

Берлиндегі төтенше оқиға: жүк көлігі бір топ адамды қағып кетті

CC0 / / Жедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция болған оқиғаның террорлық акт болу ықтималдығын жоққа шығармайды.

АСТАНА, 20 жел – Sputnik. Берлиннің орталығында жүк көлігі бір топ адамды қағып кеткен төтенше оқиғаның құрбандар саны 12 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости Берлин полициясына сілтеме жасай отырып. 

Бұдан бөлек 48 адам ауруханаға жатқызылды. 

Бұдан бұрын 9 адам қаза тауып, 50-і жарақат алды деп хабарланған. "Бүгін Брайтшайдплацта 12 адам көз жұмып, 48 адам ауруханада жатыр. Кейбіреулерінің жарақаттары ауыр", — деп хабарлайды Берлин  полициясы. 

Бұрын хабарланғандай, Берлин орталығындағы Брайтшайдплац алаңында орналасқан рождестволық жәрмеңкеде жүрген халықты жүк көлігі соққан. Жүргізуші оқиға орнынан бой тасалады. N-TV телеарнасының деректеріне сәйкес, полиция бұл оқиғаны теракт деп болап отар. 


Жаңалықтар
0