Өңірлер

Қазақстанда сейсенбі күні жел күшейеді деп күтіледі

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

АСТАНА, 20 жел – Sputnik. Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде  атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты бұрынғыша тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады, тек оңтүстік және оңтүстік шығыс аумақтарда ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақмола облысының жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын болады.  Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, жел  15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында кей жерлерінде түнде және таңертен тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерде — тұман, жел  15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде көктайғақ, тұман болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде — тұман, көктайғақ күтіледі.


Жаңалықтар
0