Drone Racing Kazakhstan атты дрондар жарысынан алғашқы республикалық чемпионат Астанада 16 желтоқсан күні Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту... 19.12.2016, Sputnik Қазақстан
Drone Racing Kazakhstan атты дрондар жарысынан алғашқы республикалық чемпионат Астанада 16 желтоқсан күні Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту аясында өткізілді. Жарыстың қалай өткенін біздің фотолентамыздан тамашалаңыздар.
Шара "Барыс Арена" елордалық мұз айдынында өтті. Арнайы осы жарыстар үшін ұлттық нақышта айрықша трасса жасалды. Чемпионаттың бас жүлдесі – 1 миллион теңге.
Дрон-рейсинг - біртіндеп танылып, әлем чемпионаты деңгейіне көтерілуде. Сол себепті Drone Racing Kazakhstan атты дрондар жарысынан алғашқы республикалық чемпионат өткізу ұлттық құрама құруға жақсы мүмкіндік болады.
Чемпионаттың басты мақсаты - робототехника мен пилотсыз ұшу аппараттарын кеңінен насихаттау және балалар мен жасөспрімдердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау.
Drone Racing Kazakhstan сайысына қатысу үшін Қазақстанның 7 аймағынан 50 адам өтініш білдірді. 15 жетоқсан күні іріктеу кезеңі өткізіліп, ең үздік сегіздік анықталды. Жартылай финалға олардың төртеуі ғана өтті.