Видео

Шешенстандағы содырларды құрықтау: арнайы операцияны Қадыровтың өзі басқарды

Жазылу
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Грозныйда полицейлерге шабуыл жасаған содырларды құрықтау жөніндегі арнайы операцияны басқарды: жеті содыр өлтірілді, төртеуі ұсталды.

17 желтоқсан күні түнде Грозныйдағы Октябрь ауданында қарулы топ полиция қызметкеріне қарақшылық шабуыл жасап, көлігін тартып алған, сөйтіп, басқа бір полицейдің үйіне басып кірген. Содан кейін қарақшылар мінген көлікті тоқтатуға талпыныс жасалып, ақыры соңында атысқа ұласады.

Арнайы операцияны бастамас бұрын Рамзан Қадыров әскерилерге бұйрық беріп, әуелі террористтермен келіссөз жүргізіп көруді сұрады.

Операция барысы мен әскерилердің қозғалысын Шешенстан басшысы дронның көмегімен қадағалады.

Қадыровтың айтуынша, құрықтау тобы өте мұқият қимылдап, соның нәтижесінде содырлар тобы таратылды. 

Жаңалықтар
0