Қоғам

Джитсер қыз немесе 50 келі қауіпті сұлулық

© Photo : из личного архива Назгуль РахаевойНазгүл Рахаева
Назгүл Рахаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір қарағанда мына бір нәзік қыз өзін-өзі қорғай алмайтындай, қауіп төнген жағдайда бірден жылап жіберетіндей көрінуі мүмкін. Алайда аудармашы мамандығын меңгерген спортшы қыз Назгүл Рахаева мұндай жағдайда тайсалмайтын жан.

Джеки Чан Оскар сыйлығына ие болды - Sputnik Қазақстан
Әлем
Джеки Чан кино өнеріне қосқан үлесі үшін "Оскар" сыйлығына ие болды
АСТАНА, 19 жел — Sputnik. Бала күнінде Назгүл Рахаева көптеген бүлдіршіндер секілді тынымсыз болыпты. Үлкендердің айтқан ескертулері де, талай рет алған жарақаты да оны тоқтата алмаса керек. Әсіресе, Қостанай облысында тұратын ата-әжесінің үйіне барғанда, ойынның түбін түсіреді екен. Ауылда тұратын көкесінің "кеудені жерден көтеру жаттығуын жасасаң, тәтті беремін" деген сөзіне Назгүл шын ықыласпен кіріскен. Сөйтіп, 3-4 жасында кеудені жерден көтеру жаттығуының әр түрлі тәсілдерін меңгеріп шыққан. 

Сәл есейген шақта спортпен шұғылдана бастайды, көркем гимнастика, карате, спорттық биде өзін сынап көреді. Алайда әр түрлі қалаларға көшіп жүру дене шынықтыру жоспарларына кедергісін келтіреді. Спортты қойып кеткен жасөспірімнің сырт келбеті де өзгере бастайды: артық салмақ пайда болып, қазіргі тілмен айтқанда, Назгүл толып кетеді. Дегенмен ата-анасының бойына сіңірген қасиеті мен кішкентай кезінен қалыптасқан тынымсыздығы іске асты. Назгүл үзілді-кесілді шешім қабылады: спортқа қайта оралып, тамақтану сапасы мен жиілігін өзгерту.

© Photo : Назгүл Рахаеваның жеке мұрағатынанНазгүл Рахаева
Назгүл Рахаева - Sputnik Қазақстан
Назгүл Рахаева

Студенттік кезеңде фитнеске қатысып көреді. Сол кезде спортпен кәсіби түрде айналысып, жарыстарға қатысқысы келетіндігін түсінеді. Ал, бразилиялық джиу-джитсумен кездейсоқ танысқан екен. Бір күні таныстарының бірі оны джиу-джитсу залына шақырады, бірінші жаттығудан бастап қыз спорттың осы бір түріне ғашық болды. 

"Қазір фитнес саласында да жұмыс істеймін. Адамдарға көмектескен ұнайды. Олар мұнда жаттығып, артық салмақтан арылып, денесін шынықтыру үшін келеді. Мұндай жұмыс адамға шабыт береді. Сол себепті джиу-джитсуға келгенде, аса қиналған жоқпын. Техникамды жақсарту керек болды, өйткені джиу-джитсу да шахмат ойыны сияқты. Тез шешім қабылдап, өз денеңді басқара білуге тиіссің", — дейді Назгүл.

© Photo : Назгүл Рахаеваның жеке мұрағатынанНазгүл Рахаева
Назгүл Рахаева - Sputnik Қазақстан
Назгүл Рахаева

"Қыздар табиғатынан экспрессивті болып келеді, сондықтан жекпе-жек мүлдем басқаша өтеді. Үнемі сақ тұрмасаң болмайды, себебі жылдамдық пен агрессия көбірек. Жігіттермен күрескен біраз қызығырақ. Жеңілістерге де, жеңістерге де сабырмен қараймын. Бір рет жарысқа шығу жүз рет жаттығумен тең деп жатады. Бұл шын сөз, жарыста жетілесің. Келесі күні залға келгеніңде, жақсара түскеніңді байқайсың", — дейді джитсер қыз.

Жаңалықтар
0