Саясат

СІМ: Қазақстан Сирия бойынша келіссөздерді ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырады

© Министерство иностранных дел РКҚР СІМ
ҚР СІМ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық СІМ Астананың сириялық қақтығыстарды реттеу мен келіссөздер үдерісіне өз үлесін қосуы мүмкін екенін хабарлады.

АСТАНА, 17 жел – Sputnik. Астана Сирия үкіметі мен қарулы оппозицияның кездесуін ұйымдастыру жөніндегі ұсынысын қарастыруға дайын екендігін мәлімдеді. 

Сирия - Sputnik Қазақстан
Саясат
Сирия қақтығысы тараптарының келіссөздері Астанада өтеді

Бір күн бұрын Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан елордасы Сирияның қақтығысу тараптарына бейбіт келіссөздерін жүргізу үшін алаң ретінде ұсынылатынын мәлімдеген. 

"Біз қақтығысты тоқтатып, бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған халықаралық қауымдастықтың күш салуын толық қолдаймыз. Біз 2015 жылы Сирия оппозициясы өкілдері келіссөздерінің екі раундын қабылдағанбыз", — деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде. 

"Егер Сирияның келешегі бойынша келіссөздер жүргізу турлы келісім жасалып, Қазақстанға үкімет пен осы елдің қарулы оппозициясы арасындағы кездесуін өзінде қабылдау туралы ұсыныс келіп түскен жағдайда, біз жауабымызды мұқият қарап, өз ұстанымызды уақытылы жеткіземіз", — деп хабарлады сондай-ақ СІМ-де. 


Жаңалықтар
0