АСТАНА, 17 жел – Sputnik. Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты бұрынғыша тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, оңтүстіктің кей жерлерінде қатты жауады, тек батыста жауын-шашынсыз.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыс облысында 30 м/с аса күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28, таулы өткелдерде 30 м/с аса, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысында кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 25, түнде Жалаңашкөл ауданында екпіні 30 м/с аса күшейеді. Павлодар облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, жол үстінде көктайғақ болады, жел 18-23, күндіз екпіні 30 м/с аса күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарынның кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасын күтіледі.