АСТАНА, 16 жел – Sputnik. Қазақстандық ауыр атлет Александра Аборнева бейсенбіде ауыр атлетика бойынша Азия кубогінің 75 келі салмақтан асатын категориядан жеңімпаз атанды.
Катарда өтіп жатқан Азия кубогында өз салмақ категориясында жалпы алғанда 241 келі жинады (жұлқи көтеруде 105 келі+136 келі).
Еске сала кетейік, 2013 жылы бұл қазақстандық Азия чемпионы атанған. Бірақ допинг сынамасының оң нәтижесінен бұл атағынан айырылып қалды. Бұған дейін ол екі рет қола, бір рет күміс жүлдегері болған.
Спортшы қыз екі жылғы дисквалификацияланған. Дисквалификация мерзімі 2015 жылы аяқталған. Ауыр атлетшінің Азия кубогындағы бұл жеңісі дисквалификациядан кейінгі алғашқы болды.