Видео

Итальяндық мәрмәр мен жел қайтарғыш: Астанадағы жаңа монумент қандай

Жазылу
Қысқа мерзімде қымбат материалдардан салынған монумент арнайы жел қайтарғыштармен жабдықталып, Қазақстан тәуелсіздігінің әр жылын білдіретін 25 қырдан тұрады.

Баршаңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Заманауи қаланың бірнеше орталығы болуы тиіс екенін атап өтті. Сондықтан ең алдымен ескі қаладағы алаңды игердік. Одан кейін сол жағалауға қала салып, əлі күнге дейін қаланың символы болып келе жатқан "Бəйтерек" монументін салдық. "Бəйтеректен" кейін, "Қазақ елі" деген монумент аштық. Тəуелсіздіктің 20 жылдығында "Мəңгілік ел" деген тримфуалды арқаны аштық. Тəуелсіздікке бес жыл толғанда Алматыдағы алаңда Тəуелсіздік монументін ашқан едік. Ал, міне, 25 жылдықта халықтың есінде қалсын деп, осы монументті орнаттық", — деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев монументті ашу салтанатында. 

Ал шыңға бет алған конструкция, президенттің сөзіне қарағанда, үздік 30 елдің қатарына ұмтылуды білдіреді. 

Қазақстан Президенті Астананың осынау жаңа көрнекті тұсы елорда тұрғындары мен қонақтары жиі келетін тағы бір көпшілік орынға айналатынын айтты. "Бұл монумент миллиондаған меймандар келетін "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағында орналасуымен де ерекшеленеді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Тәуелсіз Қазақстанның қарқынды дамуы барысында елорда рөлінің артып келе жатқанын атап өтті.

"Келешекте Астана тек біздерді ғана емес, сонымен қатар бүкіл Еуразия континентін таңғалдырып, ғылым мен мәдениеттің ордасына айналады. Халық қолайлы әрі жайлы қалада тұратын болады", – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі еліміз бен оның елордасына тартылған сый болғанын айтып, жоба идеясы авторларына, сәулетшілер мен құрылысшыларға нысанды табысты аяқтағаны үшін алғыс білдірді.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша отандастарымызды Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтап, бақ-береке және бейбітшілік пен татулық тіледі.

Жаңалықтар
0