АСТАНА, 16 жел – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің аумағында "Ұлы дала елі" монументінің ашылу салтанатына қатысып, Астана қаласының əкімі Əсет Исекешевке қалжыңдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанның 25 жылдығына орай монументті салтанатты ашу барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, заманауи қаланың бірнеше орталығы болуы тиіс екенін атап өтті. Сондықтан ең алдымен ескі қаладағы алаңды игердік. Одан кейін сол жағалауға қала салып, əлі күнге дейін қаланың символы болып келе жатқан "Бəйтерек" монументін салдық. "Бəйтеректен" кейін, "Қазақ елі" деген монумент аштық. Тəуелсіздіктің 20 жылдығында "Мəңгілік ел" деген тримфуалды арқаны аштық. Тəуелсіздікке бес жыл толғанда Алматыдағы алаңда Тəуелсіздік монументін ашқан едік. Ал, міне, 25 жылдықта халықтың есінде қалсын деп, осы монументті орнаттық. Ал шыңға бет алған конструкция үздік 30 елдің қатарына ұмтылуды білдіреді.
"Эскиз жобаның авторларына, сәулетшілерге, құрылысшыларға алғыс білдіргім келіп отыр. Олар қайда? Әсет, сәулетшілер қайда? Тығылып қалған болар. Сен барлығы үшін жүрсің бе? Мұнда кел. Бүгін сен бүкіл жайды баяндауың керек еді, бірақ, аязда мен баяндама жасадым", — деп қалжыңдады президент Искешевке қарата.