Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Қазақстанның Жоғарғы кеңесіндегі көп сағатқа созылған пікірталастар, дауыс беру, қошемет пен құшақтасулар – осының бәрі Қазақстан тарихына енген.
Конституцияны әзірлеу тобына Нұрсұлтан Назарбаев өзі жетекшілік еткен. Топ құрамына белгілі ғалымдар, заңгерлер, профессорлар мен академиктер: Зинаида Федотова, Гайрат Сапаргалиев, Баурыжан Муһұхамеджанов, Константин Колпаков, Талғат Донақов, Юрий Ким тағы басқалар қатысқан.