Қоғам

Фейрверк, концерт, тегін жол жүру: Астана Тәуелсіздік күнін атап өтеді

© Photo : Официальный сайт президента Республики КазахстанБәйтерек
Бәйтерек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала тұрғындары мен қонақтарын Тәуелсіздік күніне орай мәдени-бұқаралық шаралар күтеді, сондай-ақ қалалық автобустарда тегін жол жүру мүмкіндігі ұсынылады

АСТАНА, 15 жел — Sputnik. Қала тұрғындары мен қонақтарын Тәуелсіздік күніне орай мәдени-бұқаралық шаралар күтеді, сондай-ақ қалалық автобустарда тегін жол жүру мүмкіндігі ұсынылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты

16 желтоқсан күні сағат 11:00-де ЭКСПО аумағында "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі ашылады. Сол күні сағат 17.00-де "Астана Опера" театрында "Тәуелсіздікке шашу" мерекелік концерті өтеді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты концерт 16 желтоқсанда "Бәйтерек" монументінің алдында Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өтеді. Ал ауқымды мерекелік отшашуды сағат 22:00-де елорданың бірнеше ауданында, атап айтқанда, Есіл өзенінің жағалауында, Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында және "Хан-Шатыр" сауда орталығының сыртында тамашалауға болады.

Сондай-ақ, елорда тұрғындары мен қонақтары 16 желтоқсанда күні бойы қалалық қоғамдық көлікпен тегін жүре алады.

Сонымен бірге, 18 желтоқсанда "Хан Шатыр" СОСО маңында еліміздің бас шыршасының шамдары жағылады.

Бұған қоса, мереке күндері қоғамдық тәртіпті, жеке және мүліктік қауіпсіздікті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 1500-ге жуық ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскері мен полиция қызметкері, 200-ге жуық арнайы машина тартылады. Сондай-ақ, ТЖД жеке құрамынан 4 бөлімше, 204 адам жұмылдырылады.


Жаңалықтар
0