Видео

Қазақтың шәйі: сый және құрметпен

Жазылу
15 желтоқсан күні халықаралық шәй күні атап өтілуде. Көп ұлтты Қазақстанда бұл мейрам тойланбайды, бірақ қазақ шәйінің қаншалықты дәмді болатыны баршаға аян. Қазақша шәйді қалай дұрыс демдеп, беру керек екендігін бейнеден көріңіздер.

Шәй – қазақтардың ең ардақтайтын сусындарының бірі. Ол қонақ күту дәстүрінде ерекше орынға ие. Шәй дастархан басында адамдарды біріктіріп, қатты аяздарда жылытады.

Қазақтарда "көңіл көтергің келсе – шәй іш", деген мақал бар. Қазақ шәйін сүтпен арнайы ыдыс – кесемен береді. Шәймен бірге дастарханға дәстүрлі түрде бауырсақ, тосап, бал, мейіз, кептірілген өрік, жаңғақ қойылады. 


Жаңалықтар
0