Оқиға

Пхукетте демалыста жүрген қазақстандық қаза тапты

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуТаиланд
Таиланд - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Таиланд полициясы ер адам өлімінің себептерін тергеуде.

АСТАНА, 15 жел — Sputnik.  Бастапқы мәлімет бойынша, 1974 жылы туылған ер адам 5 желтоқсан күні демалысқа бір өзі келген деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі басшысы Әнуар Жайнақов.

"Сіздерге нақты айта алатыным, Пхукет аралындағы қонақ үйлердің бірінде 1974 жылы туылған біздің азаматымыз бесінші қабаттан құлап қаза тапты. Бастапқы мәлімет бойынша, ол Таиландқа 5 желтоқсан күні жалғыз өзі демалуға келген. Таиланд полициясы қазіргі уақытта қазаның анық-қанығын анықтауда, Қазақстан елшілігі құқық қорғаушы органдармен байланысып, бұл жайтты қадағалап отыр", — деп хабарлады Жайнақов.

Таиланд БАҚ ақпараты бойынша, полиция келген кезде, қазақстандық ес-түссіз аяғы сынған, беті бұзылған күйі табылған. Ер адам ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды. Соңғы рет оның жергілікті уақыт бойынша 2:30-да дүкеннен сыра сатып алып тұрғанын көрген.

Жаңалықтар
0