Өңірлер

Петропавлдың халықаралық әуежайы реконструкциядан кейін ашылды

© Sputnik / Елена БережнаяПетропавл халықаралық әуежайы
Петропавл халықаралық әуежайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әуе айлағы Алматы мен Асанаға рейстер жіберіп жатыр

АСТАНА, 14 жел — Sputnik. Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Петропавл қаласында халықаралық әуежайдың жолаушылар терминалы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнің баспасөз қызметі.

Петропавл халықаралық әуежайы 1974 жылдан бастап қызмет етiп келедi. Осы уақыт аралығында мұнда алғаш рет ауқымды жөндеу жұмысы жүргiзiлдi. Терминалды реконструкциялау жұмыстары жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жоғарылатып, қажеттi қауiпсiздiк құралымен жабдықталған. 

© Sputnik / Елена БережнаяПетропавлда халықаралық әуежайдың ашылуы
Петропавлда халықаралық әуежайдың ашылуы - Sputnik Қазақстан
1/3
Петропавлда халықаралық әуежайдың ашылуы
© Sputnik / Елена БережнаяПетропавл әуежайындағы ұшақтың жанындағы жолаушылар
Петропавл әуежайындағы ұшақтың жанындағы жолаушылар - Sputnik Қазақстан
2/3
Петропавл әуежайындағы ұшақтың жанындағы жолаушылар
© Sputnik / Елена БережнаяПетропавл халықаралық әуежайы
Петропавл халықаралық әуежайы - Sputnik Қазақстан
3/3
Петропавл халықаралық әуежайы
1/3
Петропавлда халықаралық әуежайдың ашылуы
2/3
Петропавл әуежайындағы ұшақтың жанындағы жолаушылар
3/3
Петропавл халықаралық әуежайы

Реконструкция республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiлдi. Бұған дейiн ұшу-қону жолағын қайта салу жұмыстары аяқталған болатын. Жүргiзiлген жұмыстар барысында мұндағы жолаққа қалыңдығы 10 см болатын асфальт және бетонды жабынмен қапталды. Жолақтың өзi 2 800 метрге ұзартылып, 45 метрге кеңейтiлдi. Бұдан бөлек, рөлдiк жолақ пен перрон қайта салынып, халықаралық стандарттар бойынша жарықтандыру құрылғылары орнатылды.

Ұшу-қону жолағын реконструкциялаған соң Петропавл әуежайы заманауи әуе кемелерiн еш кедергiсiз қабылдай алады. Келесi жылы Ресей Федерациясына әуе рейсiн ашу жоспарланған.

 

Жаңалықтар
0