Әлем

Путин мен Ердоған телефон арқылы Алепподағы жағдайды талқылайды

© РИА Новости / Медиабанкке өтуВстреча президентов России и Турции В. Путина и Р. Эрдогана в Санкт-Петербурге
Встреча президентов России и Турции В. Путина и Р. Эрдогана в Санкт-Петербурге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей және Түркия президенттері сәрсенбі күні кешке телефон арқылы сөйлеседі.

АСТАНА, 14 жел — Sputnik. РФ және Түркия президенттері Владимир Путин мен Режеп Ердоған сәрсенбі күні кешке Алепподағы жағдайды талқылайды, деп растады РИА Новости агенттігіне  Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. 

"Иә",  - деді ол. 

Алеппо тұрғындары қаланың содырлардан босатылғанына шаттануда - Sputnik Қазақстан
Видео
Алеппо тұрғындары қаланың содырлардан босатылғанына шаттануда

Бұдан бұрын Анкарада ауылдық әкімшілік басшылары алдында сөз сөйлеген Түркия президенті өзінің ресейлік әріптесімен Алепподағы жағдай туралы әңгімелесуді жоспарлап отырғанын хабарлаған. 

Сирия билігі Алеппо аумағының 98%-дан астамын толық бақылауға алған. Сирия үкіметі содырларға беріліп, қаладан кетуіне мүмкіндік беру үшін соғыс әрекеттерін тоқтатуға келісті. Алайда сәрсенбі күні таңертең олар сириялық билікпен жүргізілген келіссөздерді бұзып, татуласуды пайдалану арқылы топтасып алып, ұрыс әрекеттерін жалғастырды. 


Жаңалықтар
0