Видео

Ерекшеленген полицейлер награда алды

Жазылу
14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде министрлік басшылығының, ішкі істер органдары қызметкерлері мен ардагерлерінің қатысуымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

 АСТАНА, 14 жел — Sputnik. Министрдің бірінші орынбасары Марат Демеуов өзінің құттықтау сөзінде жиырма бес жыл ішінде Қазақстан тұрақты, дамыған, халқы тату мемлекет ретінде қалыптасқанын, әлем алдындағы беделін айқындағанын атап айтты. 

Бүгінде Қазақстандық полиция тарихы батырлық пен ерлікке бай. Соның дәлелі тәуелсіздік алған жылдар ішінде ішкі істер органдарының 1093 қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды. Олардың екеуіне "Халық қаһарманы" атағы берілді.

Ішкі істер органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Қоспанұлы Болсамбеков тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап біздің қызметкерлер қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда, азаматтарды қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауда қалтқысыз қызмет етіп жатқанын, жалпы еліміздің дамуында ішкі істер саласының да орны ерекше екенін атап көрсетті. 

Салтанатты іс-шарада Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығымен құттықтап, әскери және қызметтік міндеттерін адал орындап жүргені, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғаудағы ерлігі мен қайсарлығы үшін ҚР ІІМ орталық аппараты мен аумақтық бөліністерінің қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар тапсырды. 

 Іс-шараның қорытындысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25-жылдығын арналып, ішкі істер органдары қызметкерлері арасында өткен "Менің елім!" патриоттық әндер байқауының лауреаттары мен дипломанттарының қатысуымен гала-концерт қойылды. 

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеуге байланысты 54 ішкі істер органдарының қызметкері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен ардагерлер мемлекеттік наградалармен, ведомстволық наградалармен және грамоталармен 659 ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталды.


Жаңалықтар
0