Қоғам

"Қазақстандық Анджелина Джоли" фильмге түспек

Жазылу
Қазақстандық Анджелина Джоли атанып кеткен боксшы Зарина Цолоеваны киноға түсуге шақырды.

АСТАНА, 14 жел – Sputnik.  Жанкүйерлері "Қазақстандық Анджелина Джоли" деп атап кеткен боксшы қыз Зарина Цолоеваны жаңа фильмге түсуге шақырды.

"Кейбіреулер киноға түсуге шақырулар туралы айтады, кейбіреулер шынымен түсіп көруге бел буады. "Сказ о Розовом Зайце", "Ақжол", "Инопланетяне здесь не при чем" фильмдерінің режиссері Фархат Шариповке "Мир Мечты" толықметражды фильміне түсуге шақырғаны үшін рахмет", — деп жазды Цолоева Instagram парақшасына.

 

 

Цолоева – кино өнерінде бағын сынап көргелі тұрған алғашқы қазақстандық боксшы емес. Мәселен, кәсіби боксшы Фируза Шарипова кандидатурасын танымал телехикая "Game of thrones" кейіпкерлерінің бірін сомдауға таңдауы мүмкін. Бұл рөл үшін Шарипова жекпе-жектерді кейінге қалдыруға дайын.

Жаңалықтар
0