АСТАНА, 14 жел – Sputnik. Қазақстан мен Израиль Қытайға экспорттауға арналған азық-түлік өндірісін бірлесіп құруға ынталы деп хабарлады "Израиль-Қазақстан" сауда-өнеркәсіп палатасының теңтөрағасы Михаель Роэ.
"Қазақстан мен Израильдің алғашқы зауытының салынуын күтіп отырмыз. Оның бүкіл өнімі жалпы көлемі 10 миллион долларды құрайтын экспортқа бағытталған. Зауыт Алматы облысында салынады", — деді Михаель Роэ.
Оның сөзіне жүгінсек, Қытай Қазақстаннан құс етін экспорттауға қойылған шектеуді алып тастағаннан кейін бір жылдан соң салынады.
"Қытай – алып мемлекет. Қытаймен шекара ашылғанда, израильдықтар үшін Қазақстанмен бірлесіп жұмыс істеу қызықты болады", — деді палатаның тең төрағасы.