АСТАНА, 14 жел – Sputnik. ЭКСПО аумағында 16 желтоқсанда "Ұлы Дала елі" монументі ашылады деп хабарлады ҚР парламент мәжілісі депутаты Нұрлан Нығматулин.
Сәрсенбі күні мәжіліс депутаттары жалпы отырыс өткізді. Отырысты қорытындылай келе, Нығматулин әріптестерін Тәуелсіздік күнімен құттықтап, өткізілетін мерекелік шаралар туралы мәлімет берді – Тәуелсіздік Сарайындағы салтанатты жиын мен "Астана Опера" театрындағы концерт.
"16 желтоқсан күні сағат 11:00-де ЭКСПО аумағында "Ұлы Дала елі" монументінің ашылу салтанаты болады", — деді Нығматулин.
"Ұлы Дала елі" ұлттық брендін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған.