АСТАНА, 14 жел — Sputnik. Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты бұрынғыша тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.
Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Павлодар облысында жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман болып, жел 17-22 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.
Атырау облысыың кей жерлерінде бұрқасын болады. Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-18 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Алматы облысының Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 18-23м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман болады.