Оқиға

Алматыда екі ер кісі электрші кейпінде зейнеткерлерді алдап келген

CC0 / Anja Osenberg / Полиция қызметкері
Полиция қызметкері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұсталғандар қарт кісілерден электр есептеуіш құралының сәйкессіздігі, жасанды акт үшін ақша бопсалаған

АСТАНА, 13 жел – Sputnik. Алматы қаласы Медеу ауданының полицейлері тек қарт кісілерді алдап келген 23  және 24 жастағы екі жігітті ұстаған, деп хабарлады Алматы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

"Қаскөйлердің бірінші құрбаны "Горный Гигант" ықшамауданының 70 жастағы тұрғыны болған, ол өздерін электршіміз деп таныстырған екі адамды үйіне кіргізген. Сонымен қатар, зейнеткер оларға сөзсіз сеніп, құжаттарын да тексермеген. Жалған электршілер құрылғыны тексеріп болғаннан кейін үй иесіне қатаң заңбұзушылық болғанын айтып, ірі көлемде айыппұл салынатынын мәлімдейді. Сол мезетте құжаттар толтырып, зейнеткерден 20 мың теңге сұрайды. Әзірге тергеуге осындай екі жағдай ғана белгілі", — деді Медеу аудандық ІІБ полиция полковнигі Есен Ысқақов. 

© Photo : Пресс-служба ДВД АлматыҰсталған жалған электрші
Ұсталған жалған электрші - Sputnik Қазақстан
1/2
Ұсталған жалған электрші
© Photo : Пресс-служба ДВД АлматыҰсталған жалған электрші
Ұсталған жалған электрші - Sputnik Қазақстан
2/2
Ұсталған жалған электрші
1/2
Ұсталған жалған электрші
2/2
Ұсталған жалған электрші

Зардап шегушілердің көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды полицияда. Сондай-ақ, қазіргі уақытта екі күдікті Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Зардап шеккендер мына нөмірлерге хабарласа алады: 254-48-00 және 254-48-01. 


Жаңалықтар
0