Саясат

ҚР-дағы АҚШ-тың бұрынғы елшісі: балам қазақша сұхбат берген

© Photo : Посольство США В КазахстанеУильям Кортни
Уильям Кортни - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ-тың Қазақстандағы бірінші елшісі республиканы Тәуелсіздік күнімен құттықтап, қызмет еткен мерзімі туралы әңгімеледі.

АСТАНА, 13 жел — Sputnik. АҚШ-тың Қазақстандағы бірінші елшісі Уильям Кортни балабақшада баласының қазақ тілінде сөйлегені туралы айтты.

Сейсенбі күні Қазақстандағы АҚШ елшілігі Facebook парақшасында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Кортнидің бейнеқұттықтауын жариялады. Бұрынғы елші Қазақстанда 1992-1995 жылдары қызмет еткен.

"Қазақстанда қызмет еткен кездегі жеке естеліктерімнің бірі — баламның қазақ балабақшасына баруы. Бірде мәскеулік Останкино тілшісі Алматыға келіп, ұлымнан сұхбат алды. Ол сұхбатты қазақ тілінде берді", — дейді Кортни бейнеүндеуінде.

"Бұл сюжет бұрынғы Кеңес Одағында тарап кетті. Келесі жолы Қазақстанға келгенімде, мені нағыз қаһармандай қарсы алды, сол үшін ұлыма рахмет", — дейді бұрынғы елші езу тартып.

АҚШ туы - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елші: АҚШ-тың жаңа президенті Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастырады

Кортни сөйлеген сөзінде 25 жыл ішінде Қазақстанның мықты елге айналғандығын айтып, елдегі білім беру жүйесінің дамығандығын атап өтті. 

Сондай-ақ, Кортни Қазақстан диполматиясының дамуы және елдің халықаралық ірі ұйымдарға қатысуы туралы сөз қозғады.

"Мен Қазақстанды тәуелсіздіктің 25 жылдығымен және айтулы жетістіктерімен құттықтағым келеді", — деп сөзін қорытындылады ол.  

Жаңалықтар
0