АСТАНА, 13 жел — Sputnik. Астана полициясы жолаушылар автобусын жасөспірімдер таспен атқылады деген мәліметті жоққа шығарды деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Бұдан бұрын бірқатар БАҚ-да, куәгерлердің айтуынша, жасөспірімдер автобусқа тас лақтырды деген мәлімет пайда болған. Мақалаларда жолаушылар экспресс-автобусы Дүкенұлы көшесінде тұр, терезесі сынған деп айтылды.
"Бұл шындыққа жанаспайды. Ол жерде жол апаты болған: Kia көлігі жолаушыларсыз келе жатқан автобусқа соғылды. Нәтижесінде автобустың терезесі сынып қалды", — дейді Sputnik Қазақстан агенттігіне сұхбат беруші телефон арқылы.
Алынған мәліметтер бойынша, жол апаты Дүкенұлы көшесінде сағат 8:30-да болған, зардап шеккендер жоқ.