Оқиға

Қазақстандық журналист Алла Бильская көз жұмды

Жазылу
Достарының мәліметтері бойынша журналист қатты ауырған, бірақ қандай дерті болғаны нақтыланбайды.

АСТАНА, 13 жел — Sputnik. Сейсенбіге қараған түні Алматыда КТК-ның жаңалықтар қызметінің бұрынғы бас редакторы көз жұмды, деп хабарлайды өзінің Facebook-тегі парақшасында оның құрбысы Иннаа Рудакова. 

"Менің құрбым көз жұмды. Ең жақын құрбым. Алла Бильская", — делінген хабарламада. 

"Ауырды. Біздің мықты және қарапайым Алла күйіп кетті. Көмектен бас тартатын, шағымданбайтын, соңына дейін қалжыңдады. Көмектесуге тыйым салды. Айтуға тыйым салатын. Әріптестер, достар, КТК… Қазір бірлесіп, Алланың отбасына қолдау көрсетуді сұраймын. Қиын кезең: бұл үйіндегі үшінші  жерлеу. Дәрі-дәрмек, емделу. (…) Алла Анатольевна рұқсат бермеді. Балаларына жинап берейік", — деп жазды КТК ақпарат қызметі бас редакторының бұрынғы орынбасары Шолпан Али өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.


Жаңалықтар
0