АСТАНА, 13 жел — Sputnik. Қазақстанның бүкіл территориясында атмосфералық фронттың өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Павлодар облысында бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ болып, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді. Қостанай облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман болып, күндіз жел 15-23 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Қызылорда, Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-23 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.