Жаңа қазақстандық-америкалық "Толқал" фильмі — өмірден алынған оқиғадан, кей кезде күлкілі, кейде ұят, кей жері мұңды, алайда көбіне көңілді күйде көретін кино түсіруге болатынының айқын көрінісі.
Шындығында, бұл өршіл фильмді жасаушылар көрерменнің жиі күлетінін жоспарлағанына күмәнім бар.
Прокатқа шығу күні, кәдімгі алматылық кинотеатр, күндізгі сеанс – бірақ бұған қарамастан ондаған билеттер сатылып қойды.
Біз әріптесімізбен бірге алғашқы қатарлардың бірінде отырмыз, артқы жақта – фильмнің мақсатты аудиториясы: бай отандастарының әдемі өмірін көріп, олардың мелодрамалық қиналуларын түсіну үшін келген, жақын маңда орналасқан оқу орындарының студенттері. Бәріне бірдей және соңына дейін ұғыну мүмкін болмайды: жарты сағаттан кейін ақ залда күлкі орнайды, өйткені экранда болып жатқан ақымақтық биік шыңына жетіп, финалға дейін дерлік босаңсуға мүмкіндік бермейді. Ол шын мәнінде заңдылық та. Түптеп келгенде "Тоқал" фильмі туралы трейлерінен ақ белгілі болатын.
Бар болғаны 35 секундта оны жасаушылар картинаның толық нұсқасында бізді не күтіп отырғанын барынша ұғындыр алған: қырғын эмоция, тоқтатылмас тебіреніс, актерлердің картонды ойыны. Фильмнің толық ойдан шығуын жоққа шығаруға болмайды.
"Тоқал" — төсек сахнасымен батыл басталады. Артынан тапқыр режиссерлік-операторлық амал жасалып, камера 90 градусқа өзгереді. Қағынып кеткен алматылықтар тік қалпына түсіп, қыздар көңілдестерінің галстугын байлап жатады.
Қайраттың (Ерік Жолжақсынов) отбасылы, әйелі Ботамен (Гаухар Джия Нұртас) екі қыз тәрбиелеп отырғанын ғана емес, сонымен қатар екі жылдан бері соңғы үлгідегі тоқалы (Камила) бар екенін көреміз.
Камила (Жанель Мақажан) көп сұрамайды, Қайратты тұрғылықты мекен жайы бойынша "сатамын" деп қорқытпайды, дәлме-дәл он бес минут сайын жанжал шығарып отырады.
Алматыны бекерге "барлығы бір-бірін танитын үлкен ауыл" деп атамайды. Ботаның әкесі Темірлан (Тұңғышбай Әль-Тарази) – ірі құрылыс компаниясының иегері. Қайрат – кеңсенің іс жүзіндегі басшысы.