Оқиға

"АльБаракатКомпани" басшысына 1 млрд теңгеден астам жымқырды деген күдік келтірілді

© Sputnikпара
пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрын "АльБаракатКомпани" басшысы сегіз жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

АСТАНА. 12 жел – Sputnik. Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеулер қызметі "АльБаракат Компани" құрылыс компаниясының басшысы Бақытжан Тойымбетовке қатысты жеке тұлғалардың ақшалай қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактісі бойынша қосымша эпизодтарға орай қылмыстық істің тергеуін аяқтады, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. 

Ол "АльБаракат Компани", "Селигер-К", "Косше-Копа", "Шанырак Строй KZ", "АсСем" және "Kaz AVTO development" ЖШС-терін құру және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатын "Шарджа", "Прага", "Тенгиз", "Токио", "АкЖар", "Туран Астана" (Астана), "Құрылтай", "Жайлау", "Apple town" (ЖК "Alma Village")" (Ақмола облысының Целиноград ауданы) тұрғын үй кешендерін салуға тарту арқылы 800-ден астам жеке тұлғаның 1 млрд. 89 млн. теңгесін ұрлады деп айыпталуда. 

Ағымдағы жылғы 21 қарашада Тойымбетовке қатысты қосымша эпизодтар бойынша айыптау актісі Астана қаласы прокуратурасына бекіту және сотқа беру үшін жіберілген. Ағымдағы жылғы 2 желтоқсанда Астана қаласының прокуратурасы айыптау актісін бекітіп, Тойымбетовты сотқа берді. Естеріңізге салсақ, Тойымбетов 2016 жылғы 17 шілдеде осындай қылмыстар жасағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған болатын. Тойымбетов пен онымен байланысты тұлғалардың 800 млн. теңгені құрайтын мүлкіне тыйым салынды. Оған қоса, тергеу барысында фирманың штатында рәсімделмесе де, құрылысты басқарған Алибек Кабулов есімді тұлға анықталды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде оның Өзбекстан Республикасының күштік құрылымдарының бұрынғы қызметкері Ойбек Кобилов екендігі анықталды. Ол 2005 жылдан бастап ауыр қылмыс жасағаны үшін аталған мемлекетте іздеуге жарияланған. Тергеу амалдарының нәтижесінде О.Кобилов Өзбекстанға экстрадицияланды.


Жаңалықтар
0