Мәдениет

Бекмамбетов "Бен Гур" фильмінің сәтсіздікке ұшырауын түсіндірді

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуТимур Бекмамбетов
Тимур Бекмамбетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Бен Гур" фильмі туралы сөз қозғаған Тимур Бекмамбетовтың пікірінше, қазіргі заманғы адамдар кешірімнен гөрі кек алуды жөн санайды.

АСТАНА, 12 жел – Sputnik. "Бен Гур" голливудтық фильмі америкалық прокатта сәтсіздікке ұшырады, себебі киноның басты идеясы – дұшпаныңды кешіру – қазіргі заманда танымал емес деп мәлімдеді режиссер Тимур Бекмамбетов РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында. 

Районы фильмінің актерлері - Sputnik Қазақстан
Сатаевтың жаңа фильмі: жастар туралы "Рэкетир"

"Бұл прокаттың мәселесі, шыққаны орынды болды ма, жалпы қалай шықты дегендей. Негізі фильмнің өзі ерекше, бұл – басты үндеуі – дұшпаныңды кешіру болып табылатын голливудтық фильм. Көріп отырғанымыздай, бүгінде бұл идеяны түсініп, қабылдай алатындар аз екен. Қазіргі заманда кек алу идеясы кең тараған, меніңше прокат нәтижесі көп жағдайда осыған байланысты", — дейді Бекмамбетов.

"Бен Гур" фильмінің әлемдік премьерасы тамыз айында болған еді: сол кезде бұл фильм рейтингте бесінші орынды иленіп, америкалық прокатта сәтсіздікке ұшыраған. Бюджеті 100 миллион долларды құраған фильм АҚШ-та 26 миллион доллар, бүкіл әлемде 67 миллион доллар қаражат жинады.

Жаңалықтар
0